Ата-аналарға ескертпе
Практиканы өтеуге қойылатын талаптар:
Практика өтетін жер: жаңа техникалық жабдықтармен, жобалау құралдарымен, ақпарат көздерімен жабдықталған өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми-өндірістік ұйымдар, ғылыми-зерттеушілік және жобалау ұйымдары
Өндірістік практикада объектілеріне қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі міндетті нұсқаулықты өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі: кәсіпорындар бойынша белгіленген құжаттамалар мен бұйрықтарды ресімдеумен кіріспе және жұмыс орында. Практиканы өту туралы бұйрық міндетті түрде ресімделуі тиіс және төленебейтін жұмыс орындарында жұмыс істеген жағдайда да.
Практиканы өтеген кезде студент кәсіпорынның немесе ұйымның белгіленген ішкі тәртіп ережесіне және жұмыс тәртібіне толығымен бағынады.
Практика өткен кезде студент күнделікті практика күнделігін толтыруға және оны ресімделген есеппен бірге кәсіпорынның және колледждің жетекшісіне тапсыруға міндетті.
- Практика орындарына студенттерді қалай бөледі?
Практикаға бөлу конкурс негізінде жүреді. Студенттердің үлгерімі басты фактор болып табылады, яғни үлгерімі жоғары студенттер жақсы (төленетін) жұмыс орындарына бөлінеді.
- Студент өздігінен практика орнын таба ала ма?
Иә, ол үшін колледждің техникалық бөлімінен практика өту туралы үлгілік шарт бланксын алу қажет. Өзі қалаған ұйыммен шарт жасайды (2 шарт жасайды, 1-еуі кәсіпорында қалады, екіншісін колледждің практика меңгерушісіне тапсырады). Жеке шарттар қатаң түрде 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданады.
*** «КЭМОНТ» АҚ, «КАЗЦИНК» АҚ, «КЕGОК» АҚ және т.с.с. ірі компаниялар студенттермен тікелей байланысқа шықпайды, алайда колледж бұл кәсіпорындармен ұзақ мерзімді жеке шартқа отырған, сондықтан мұндай кәсіпорындарға конкурссыз студенттерді жеке бөлу, кәсіпорын тарапынан өтініш арқылы жүзеге асырылады.
- Студент Өскемен қаласынан тыс жерде практика өте ала ма?
Иә, тұрғылықты жері бойынша немесе шет елде практика өтсе студент жеке тәртіпте практика меңгерушісіне келісу үшін өзінің практика өтетін жерін хабарлайды.
- Жеке тәртіпте практика мерзімі немесе көлемін өзгертуге болады?
Жоқ, Практика мерзімі немесе көлемі жаңа оқу жылының басында бекітіледі және өзгертілмейді.
- Практика өтеу барысында немесе бекітілген практикаға тарутан кейін практиканы өтеу орны өзгертіле ме?
Жоқ. Мамандықтар бойынша бұйрық шыққаннан кейін студенттердің практика өтеу орындарын өзгерту мүмкін емес.
Өндірістік практикаға қатысты барлық сұрақтар бойынша тікелей практика меңгерушісімен байланысу қажет:




