Усть-Каменогорский политехнический колледж

 

 

 

     

    «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдады. 

       Жоба елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең бөлінісін қамтамасыз етуді, еңбек күші мол өңірлерден кадр тапшылығы сезілетін, түрлі өндіріс орындары мол аймақтарға жас мамандарды тартуды көздейді. Бірақ, аталған мамандарды жұмыс күші тапшы өңірлерде даярлау, сол жерлерге әлеуметтік тұрғыда бейімдеуге басымдық берілген. «Серпін-2050» жобасы жастардың тәлім-тәрибесіне, өздерінің қабілет-қарымдарын мейілінше толық пайдалана білуіне, көшбасшылық қасиеттерін, отансүйгіштіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінетіндігімен ерекшеленеді. Жобаға қатысушылардың әлеуеметтік мәселелері толық шешімін тауып, сапалы білім алуларына мүмкіндік берілумен қатар, белсенді қоғамдық жұымстармен де айналысуларына жағдай жасау қарастырылған. «Серпін-2050» жобасы жастарды бәсекеге қабілетті болуға баулиды. Жастардың өзара қарым-қатынастарын күшейтуді, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуді қарастырады.
       Жобаға туу көрсеткіші жоғары өңірлердің жастары қатса алады. Ал, қабылдаушы жақ ретінде 7 өңір таңдалған. Биыл бұл жоба бойынша жастарды қабылдайтын обылстардың саны 9-ға жетті. Өткен жылы жоба бойынша 2050 жас оқуға түссе, биыл бөлінген грант 3 есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5 мыңы тек жоғары оқу орындарының гранттары. Жобаға 2014-2015 оқу жылында 7 ЖОО, 25 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары қатысса, 2015-2016 оқу жылында студенттер 19 ЖОО мен 47 колледжде (1200 грант қарастырылған) 120-дан астам мамандықта білім алады. ЖОО-лар базасында 69 мамандықта, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 60 тан астам мамандықта жастарды оқыту қарастырылған. Олардың ішінде, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 40 мамандық техникалық бағытта, 7 мамандық ауылшаруашылығы бағыты. Кәсіптік-техникалық мамандықтармен қатар, педагогикалық мамандықтарға да басымдық берілді. Биыл тігінші, қоғамдық тамақтану, теміржол жолдарының құрылыс, жол қозғалысын ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі, мұнай және газ кен орындарын пайдалану, стандартизация және сертификация, ветеринария, электронды есептегіш машиналарының операторы мамандықтары енгізілді. Осылайша, қазақ жастары Атамекеннің шығыс, теріскей, орталық, батыс өңірлеріне барып, түрлі кәсіп игеруге кіріспек.
       «Серпін-2050» әлеуметтік жобасымен колледжге түскендердің басқа колледж гранттарынан айырмашылығы, жылына 2 рет жол шығындары төленеді және қыстық киімдер алуға 60 мыңнан астам теңге бөлініп, барлығына 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі.    Мұнда да оқыған өңірінде қоныстанып қалған түлектерді жұмыспен қамту жан-жақты қарастырылған. Оқып жүріп болашақ жұмыс беруші мекемелерде өдірістік тәжірибеден өтіп, тәжірибе жинаған жастар, оқу бітірген соң сол жерге жұмысқа орналасып, ортаға тез сіңісіп кетеді. Болашақта «Серпін-2050» жобасымен бітірген барлық жастарға жұмысқа орналасуға, оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндіктер жасалады.

          Республикалық Үйлестіру Кеңесінің What’s App қосылған байланыс жүйесі: 8-701-515-20-50. Бұқаралық ақпарат құралдарында да үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жобаның vk.com, facebook.com, instagram, twitter желілерінде «serpin-2050» аккаунттар, парақшалар да жұмыс істеп тұр. Сол парақшаларда да көптеген ақпараттар жарияланып тұрады. Республикамыздың барлық облыстарында облыс әкімдерінің орынбасарларының басшылығымен арнайы жұмыс топтары құрылған. Сонымен қатар, жіберуші 5 өңірде білім басқармаларының, жастар саясаты, ішкі саясат басқармаларының басшылықтарымен штабтар жұмыс атқаруда. Әр облыста қабылдаушы аймақтың өкілдері отыратын орындар белгіленген.